Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№4 ҚАУЛЫСЫ
Шәуілдір ауылы 2025 жылғы 4 маусым
Отырар ауданының Аққұм, Ақтөбе
және Отырар ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауын тағайындау
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылғы 13 шілдеге Аққұм, Ақтөбе және Отырар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 5 маусымнан басталсын.
- 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Аққұм, Ақтөбе және Отырар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Отырар алқабы» газетінде жариялансын.
Төраға Н.Жубаев
Хатшы Ұ.Серікбай