Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№3 ҚАУЛЫСЫ
Шәуілдір ауылы 2025 жылғы 4 маусым
Отырар ауданының Аққұм, Ақтөбе
және Отырар ауылдық округтері
әкімдерін сайлау жөнінде сайлау
округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14-бабының 6-тармақшасы, 21-бабының 4-тармағы, 22-бабы негізінде Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Отырар ауданының Аққұм, Ақтөбе және Отырар ауылдық округтері әкімдерін сайлау үшін төмендегі сайлау округтері құрылсын:
- Аққұм ауылдық округінің шекарасында Аққұм сайлау округі;
- Ақтөбе ауылдық округінің шекарасында Ақтөбе сайлау округі;
- Отырар ауылдық округінің шекарасында Отырар сайлау округі.
- Аққұм, Ақтөбе және Отырар сайлау округтері, олардың шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Отырар алқабы» газетінде жариялансын.
Төраға Н.Жубаев
Хатшы Ұ.Серікбай