Отырар ауданының Балтакөл және Қарғалы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

№2  ҚАУЛЫСЫ

Шәуілдір ауылы                                                                       2025 жылғы 21 мамыр

 

Отырар ауданының Балтакөл

және Қарғалы ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау

туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылғы 29 маусымға Балтакөл және Қарғалы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 22 мамырынан басталсын.
  3. 2025 жылғы 29 маусымға тағайындалған Балтакөл және Қарғалы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Отырар алқабы» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                     Н.Жубаев

 

Хатшы                                                     Ұ.Серікбай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 мая 2025