Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№1 ҚАУЛЫСЫ
Шәуілдір ауылы 2025 жылғы 21 мамыр
Отырар ауданының Балтакөл
және Қарғалы ауылдық округтері
әкімдерін сайлау жөнінде сайлау
округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14-бабының 6-тармақшасы, 21-бабының 4-тармағы, 22-бабы негізінде Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Отырар ауданының Балтакөл және Қарғалы ауылдық округтері әкімдерін сайлау үшін төмендегі сайлау округтері құрылсын:
- Балтакөл ауылдық округінің шекарасында Балтакөл сайлау округі;
- Қарғалы ауылдық округінің шекарасында Қарғалы сайлау округі.
- Балтакөл және Қарғалы сайлау округтері, олардың шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Отырар алқабы» газетінде жариялансын.
Төраға Н.Жубаев
Хатшы Ұ.Серікбай