Қарақоңыр ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама

Қарақоңыр ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 4 мамырда Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                   2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Қарақоңыр ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1658 азамат енгізілді, олардың 1069 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Кысмуратов Ж.А. – 135; Олжатаев Ш.Д. – 823; Туленов А.М. – 101; «Барлығына қарсы» – 0.

1992 жылы туылған, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің бас маманы, Шымкент қаласы Қаратау ауданының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Олжатаев Шерхан Дәулетбекұлы Қарақоңыр ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
05 мая 2025