Отырар ауданы әкімінің
2025 жылғы 27 ақпан
№51 өкіміне
№1 қосымша
Отырар ауданы әкімдігінің ақпараттық қауіпсіздік саясаты
Шәуілдір - 2025 ж.
1) Әкімдіктің ішкі және сыртқы ақпараттық сервистеріне жоғары қолжетімділікті қамтамасыз ету;
2) Пайдаланушыларға Әкімдік ұсынатын қауіпсіздік, уақытылы сервис жұмысының бұзылуы туралы оларды хабардар ету және уақтылы сервистің жұмысын қалпына келтіру;
3) Ақпараттың құпиялығы (оның ішінде дербес мәліметтер);
4) Әкімдікке маңызды ақпараттық активтердің құпиялылығын, тұтастылығын және қолжетімділігін қорғау.
3.Саясатты іске асыру қағидаттары
1) Ақпараттық қауіпсіздікті (бұдан әрі – АҚ) қамтамасыз ету процесінде әкімдіктің жауапкершілігі. АҚ қамтамасыз ету бойынша қызметі Әкімдіктің басшылығымен бастамашылық етіледі және бақыланады. Әкімдік басшылығы, жалпы Әкімдіктің ақпараттық қауіпсіздігін қажетті деңгейде қолдауға, ақпараттық қауіпсіздік саласын барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге, ақпарат қауіпсіздігінің баға критерийлерін және қауіп жарамдылығын анықтауға жауапкершілікті өзіне алады.
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік актілеріне және сыртқы ұйымдармен жасалған шарттармен талаптарына сәйкестігі. Әкімдік АҚ қамтамасыз ету шараларын Қазақстан Республикасы заңнамасы мен шарттық міндеттемелерге сәйкес іске асырады.
3) Әкімдік алдына қойған мақсаттарымен АҚ қамтамасыз ету бойынша іс-қимылдар мен шешімдердің келісілуі сәйкес болу. АҚ қамтамасыз ету бойынша қызметі тәуекелді басқару түр мәтінін ескереді.
4) Персоналдың құзыреттілігі. Әкімдік қызметкерлерді мұқият тандауға, біліктілігін арттыру, корпоративтік этиканы әзірлеуге және қолдауға ұмтылады, бұл, Әкімдік қызметі үшін қолайлы ортаны құрайды және АҚ тәуекелдерін азайтады. Әкімдік АҚ қамтамасыз ету мәселелері бойынша, қызметкерлерді кезеңділік негізінде ақпараттандырады және қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырады.
5) АҚ қамтамасыз ету мәселелерінде хабардар болу. АҚ саласындағы талаптар Әкімдік қызметкерлерінің және оларға қатысты бөлігінде басқа ұйымдардың назарына жеткізіледі.
6) АҚ оқиғаларына әрекет ету. Әкімдік АҚ нақты, қабылданатын және ықтимал бұзушылықтарын анықтауға, ескеруге және жедел ден қоюға ұмтылуы қажет.
7) Ақпараттық активтермен іс-қимылдарды есепке алу. Әкімдіктің ақпараттық активтерімен Әкімдік қызметкерлерінің және басқа ұйымдардың барлық іс-қимылдарын есепке алуды жүргізуге ұмтылуы тиіс.
8) АҚ талаптарын жобалау қызметтерінде, Әкімдік АҚ талаптарын жобалау қызметтерінде ескеруге ұмтылады. Жобаларды іске асырудың бастапқы кезеңінде ақпаратты өңдеуге, сақтауға және беруге байланысты талаптарды әзірлеу және құжаттау жүзеге асырылады.
9) АҚ қамтамасыз ету жүйесінің стандарттарға сәйкестігін келтіру. Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы стандарттардың талаптарына сәйкес құрылады.