Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

 №90                                                                                                       26 наурыз 2025 жыл

 

 

 

Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық

округі әкімінің сайлауы бойынша

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14- бабының 6- тармақшасы,   21- бабының 4- тармағы, 22- бабы негізінде Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Отырар ауданының Қарақоңыр ауылдық округі әкімін сайлау үшін Қарақоңыр ауылдық округінің шекарасы аумағында Қарақоңыр сайлау округі құрылсын.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарында және Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайтында Қарақоңыр сайлау округінің шекаралары мен Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері жариялансын.

Төраға                                                                            Н. Жубаев

 Хатшы                                                                             Ұ. Серікбай

 

 

 

Дата публикации
26 марта 2025