Түркістан облысының әкімдігімен инженерлік желілерге қол жеткізу үшін техникалық шарттарды ұсыну және алу процесін автоматтандыру бойынша портал іске қосылды

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау шеңберінде, сондай-ақ 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Түркістан облысының әкімдігімен инженерлік желілерге қол жеткізу үшін техникалық шарттарды ұсыну және алу процесін автоматтандыру бойынша портал іске қосылды http://tu.iturkistan.kz/.

Автоматтандырылған жүйе табиғи монополия субъектісінің кеңсесінің жұмысын оның ішінде техникалық шарттарды беруге өтінішті қабылдауды, бизнес-процесс бойынша өтініштің өңделу процессін (мекеме қызметкерлері арасына өтінішке сәйкес құжат айналымын) толық автоматтандыру арқылы өтініштің қаралу уақытын жеделдетеді.

Осы портал арқылы облыс тұрғындары ауыз су және жылудың инженерлік желілеріне қосылу үшін онлайн түрде өтініш беріп, нәтижесі бойынша техникалық шарттарды алуына болады.

Дата публикации
28 октября 2020