Отырар ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына және «Отырар ауданын басқару схемасын бекіту туралы» Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №19/109- VIII шешіміне сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне және Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
- Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
- Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
- Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.