Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 29 желтоқсанда №10030 болып тіркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2016 жылы 4 қазанда №14285 болып тіркелген) сәйкес, «Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Отырар аудандық маслихат шешімінің жобасы әзірленді.