2024 жылғы 15 қыркүйекте Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 2376 азамат енгізілген. Дауыс беруге 1649 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша саны - 0, үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер саны - 81.
Жалпы үміткерлердің саны - 2.
Қоғам ауылдық округінің әкімін сайлауында келесі қорытындылар анықталды:
Айдаркулов Мухтар Туребекулына 334 дауыс берілді,
Жамалханов Шоқан Жамалханұлына 1281 дауыс берілді,
«Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньдердің саны - 8.
Сайлау қорытындысы бойынша Қоғам ауылдық округінің әкімі болып 1974 жылы туылған, Отырар ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, Шәуілдір ауылының тұрғыны Жамалханов Шоқан Жамалханұлы сайланды.
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы