«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 25 тамызда өткен Отырар ауданы Темір ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2024 жылғы 26 тамызда Отырар ауданы Темір ауылдық округінің әкімі болып 1987 жылы туылған, «Қаз Темір Транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы директоры, Темір ауылының тұрғыны Жүсіпұлы Ақарысты тіркеді.
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы