2024 жылғы 25 тамыздағы Түркістан облысы Отырар ауданы Темір ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы хабарлама
2024 жылғы 25 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы Темір ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 2451 азамат енгізілген. Дауыс беруге 1667 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша саны - 0, үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер саны - 18.
Жалпы үміткерлердің саны - 2.
Темір ауылдық округінің әкімін сайлауында келесі қорытындылар анықталды:
Жүсіпұлы Ақарысқа 1045 дауыс берілді,
Касымбеков Есбол Тулегеновичке 606 дауыс берілді,
«Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньдердің саны - 5.
Сайлау қорытындысы бойынша Темір ауылдық округінің әкімі болып 1987 жылы туылған, «Қаз Темір Транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы директоры, Темір ауылының тұрғыны Жүсіпұлы Ақарыс сайланды.
Отырар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы