Отырар ауданы Қоғам ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 №62                                                                                                           7 тамыз 2024 жыл

 

Отырар ауданы Қоғам ауылдық

округі әкімінің сайлауын тағайындау

туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1- бабына сәйкес, Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Отырар ауданы Қоғам ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 15 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. 2024 жылдың 15 қыркүйекке тағайындалған Қоғам ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3.  Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпараттар кұралдарында және Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.

 

        

Отырар аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                         Н.Жубаев

 

 

Отырар аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                         Ұ. Серікбай

 

Дата публикации
07 августа 2024