«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 21 шілдеде өткен Отырар ауданы Маяқұм ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2024 жылғы 22 шілдеде Отырар ауданы Маяқұм ауылдық округінің әкімін тіркеді – Ілесбек Руслан Құлмаханұлы, 1998 жылы туылған, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Түркістан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаменті құрылымдық статистика басқармасының бас маманы, Маяқұм ауылының тұрғыны.
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы