ОТЫРАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

ОТЫРАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2024 жылғы 21 шілдеде Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1930 азамат енгізілген. Дауыс беруге 1346 сайлаушы қатысты,  оның  ішінде есептен шығару куәліктері бойынша саны - 0, үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер саны - 13.

Жалпы үміткерлердің саны - 2.

Маяқұм ауылдық округінің әкімін сайлауда келесі қорытындылар анықталды:

Жүсіпбек Нұрлыбай Орынбайұлына 322 дауыс берілді,

Ілесбек Руслан Құлмаханұлына 1007 дауыс берілді,

«Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньдердің саны - 2.

Сайлау қорытындысы бойынша Маяқұм ауылдық округінің әкімі болып 1998 жылы туылған, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Түркістан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаменті құрылымдық статистика басқармасының бас маманы, Маяқұм ауылының тұрғыны Ілесбек Руслан Құлмаханұлы сайланды.

 

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
22 июля 2024