Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ШЕШІМІ
№51 17 шілде 2024 жыл
Отырар ауданы Темір ауылдық
округі әкімінің сайлауын тағайындау
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1- бабына сәйкес, Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Отырар ауданы Темір ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 25 тамызына тағайындалсын.
- 2024 жылдың 25 тамызына тағайындалған Темір ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- 3.Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпараттар кұралдарында және Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.
Отырар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Н. Жубаев
Отырар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Ұ. Серікбай