Отырар ауданы Шілік ауылы округінің әкімін тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 5 мамырда өткен Отырар ауданы Шілік ауылы округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2024 жылғы 6 мамырда Отырар ауданы Шілік ауылы округінің әкімін тіркеді – Орынбасаров Берик Жаксыбекович,         1974 жылы туған,  Отырар ауданы Шілік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жаңа Шілік ауылының тұрғыны.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
06 мая 2024