2024 жылғы 5 мамырдағы Түркістан облысы Отырар ауданы Шілік ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары бойынша хабарлама
2024 жылғы 5 мамырда Түркістан облысы Отырар ауданы Шілік ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1413 азамат енгізілген. Дауыс беруге 826 сайлаушы қатысты, оның ішінде сырттай дауыс беру бюллетенін пайдаланғандар саны - 0, үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер саны - 1.
Жалпы үміткерлердің саны - 2.
Шілік ауылдық округінің әкімін сайлауда келесі қорытындылар анықталды:
Орынбасаров Берик Жаксыбековичке 754 дауыс берілді,
Рахимов Руслан Туленбаевич 65 дауыс берілді,
«Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньдердің саны - 2.
Сайлау қорытындысы бойынша Шілік ауылдық округінің әкімі болып
1974 жылы туған, «Отырар ауданының Шілік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Жаңа Шілік ауылының тұрғыны Орынбасаров Берик Жаксыбекович сайланды.
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы