Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта өткізу конкурсын кейінге қалдыру хаттамасы

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта өткізу конкурсын кейінге қалдыру хаттамасы

 

Шәуілдір ауылы                                                              09.04.2024 жыл сағат 17:00

 

Қатысушылар:

 

Таңжар Әділжан Хайруллаұлы – аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы;

 

Құлдыбайұлы Абзал –  аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маман- комиссия хатшысы;

 

Күн тәртібіндегі мәселе:

 

     Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта өткізу конкурсын кейінге қалдыру мәселесі

Жиналысты жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ә.Таңжар ашып, күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, сөзді жер қатынастары бөлімінің бас маман, комиссия хатшысы А.Құлдыбайұлына берді.

Отырар аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маман (комиссия хатшысы) А.Құлдыбайұлы – ағымдағы жылдың 10 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және  Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағида талаптарына сай, Отырар аудандық жер қатынастары бөлімі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі жалпы саны 118 жер учаскесіне конкурс өткізіліп, нәтижесімен №2, №3, №4, №5, №6, №7, №8, №9, №10, №11, №12, №13, №14, №35, №37, №33, №45, №56, №57, №76, №77, №92, №102 лоттар бойынша мүлдем өтінімдер келіп түспеуіне және екіден кем өтінімдер келіп түсуіне байланысты конкурс өткізілмеді, - деп танылғанын атап өтті.

 

Қайта өткізілетін конкурсқа қойылған жер учаскелері:

Реттік №

Лот №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы

Көлемі, (га)

 Ауыл округі

1. 

2

Суармалы

5

Аққұм

2. 

3

Суармалы

5

Аққұм

3. 

4

Суармалы

5

Аққұм

4. 

5

Суармалы

6

Аққұм

5. 

6

Суармалы

7

Аққұм

6. 

7

Суармалы

7

Аққұм

7. 

8

Суармалы

7

Аққұм

8. 

9

Суармалы

8,5

Аққұм

9. 

10

Суармалы

8

Аққұм

10. 

11

Суармалы

5

Аққұм

11. 

12

Суармалы

5,5

Аққұм

12. 

13

Суармалы

5

Аққұм

13. 

14

Суармалы

5

Аққұм

14. 

35

Жайылым

62

Көксарай

15. 

37

Суармалы

10,4

Көксарай

16. 

33

Суармалы

12

Көксарай

17. 

45

Суармалы

5

Қарақоңыр

18. 

56

Суармалы

6,5

Қарғалы

19. 

57

Суармалы

8,1

Қарғалы

20. 

76

Cуармалы

26

Маяқұм

21. 

77

Cуармалы

32

Маяқұм

22. 

92

жайылым

61,6

Отырар

23. 

102

Суармалы

10

Талапты

Барлығы – 312,6 га;

Суармалы – 189 га;

Жайылым – 123,6 га;

Жоғарыда аталған Заң нормаларына сәйкес, конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскенде және конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда өткізілмеді деп танылады.

Конкурсты өткізілмеді деп тану жер комиссиясының хаттамалық шешімімен рәсімделеді, бір жұмыс күні ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының интернет-ресурсында орналастырылатыны және үш күнінен кешіктірілмей, барлық өтінім берушілерге және орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберілетіндігі көрсетілген.

Қазақстан Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және  Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағида талаптарына сай, Отырар аудандық жер қатынастары бөлімі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсы қайта өткізілетіні туралы хабарламаны аудандық «Отырар алқабы» газетінің 12 наурыз 2024 жылғы №11 (449) басылымында, ауданның интернет-ресурсында 12.03.2024 жылы жариялаған болатын және жоғарыда аталған хабарламаны облыс шегіндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру бойынша хат жолданған.

Сондай-ақ, Отырар ауданына қарасты 13 ауылдық округ әкімдеріне олардың интернет-ресурстарында және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру үшін хат жолданған. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсы қайта өткізілетіндігі туралы хабарламада конкурс 2024 жылғы 10 сәуірде сағат 15-00 де өткізілетіндігі көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 13-тармағында, «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы осы Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді»,- делінген.

Отырар аудандық жер қатынастары жөніндегі комиссияның құрамы және ережесі Отырар ауданы әкімдігінің 06.11.2023 жылғы №242 қаулысымен бекітіліп, Отырар аудандық мәслихаты сессиясының шешімін бекітілген.

Алайда, төменде көрсетілген Отырар аудандық жер қатынастары жөніндегі комиссия құрамының мүшелері:

1) Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы  Оралбай Ержан Асанұлы – уақытша еңбекке қабілетсіз демалысында болуына байланысты;

2) Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, төраға орынбасары Бабашов Нурдаулет Әсілбайұлы – Отырар ауданы әкімінің 19.02.2024 жылғы №24 өкіміне сәйкес өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты;

3) Отырар ауданы әкімінің аппаратының заңгері Әмірхан Асхат Тасболатұлы – аудан әкімінің 26.03.2024 жылғы №46 өкіміне сәйкес ақылы еңбек демалысында болуына байланысты, яғни, аудандық бойынша  шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта өткізу конкурсын аудандық жер комиссиясы мүшелерінің толық құрамда болмауына байланысты Отырар аудандық мәслихатының кезекті сессиясының шешімен  жаңа комиссия құрамы мен ережесі бекітілгенге дейін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта өткізу конкурсын өткізуді кейінге қалдыруды ұсынамын.

Жоғарыдағының негізінде ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Отырар ауданы бойынша  шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта өткізу конкурсын аудандық жер комиссиясы мүшелерінің толық құрамда болмауына байланысты және аудандық мәслихатының кезекті сессиясының шешімен  жаңа комиссия құрамы мен ережесі бекітілгенге дейін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта өткізу конкурсы кейінге қалдырылсын.
  2. Хаттамалық шешім бір жұмыс күні ішінде аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

       Бөлім басшысының м.а.                                                  Ә.Таңжар       

                                

       Комиссия хатшысы                                                         А.Құлдыбайұлы

Дата публикации
09 апреля 2024