2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған Отырар аудандық мәслихат депутатының сайлауын өткізу бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы

2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған Отырар аудандық мәслихат депутатының сайлауын өткізу бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы

 

№494 Шеңгелді сайлау учаскесі

Орталығы: Отырар аудандық білім бөлімінің «Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Көксарай ауылдық округі, Шеңгелді ауылы, Қ.Арынов көшесі №3.

Шекарасы: Шеңгелді ауылының көшелері толығымен.

 

№502 Қостерек сайлау учаскесі

Орталығы: Отырар аудандық білім бөлімінің «Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Маяқұм ауылдық округі, Қостерек ауылы, Н.Оспанов көшесі №26.

Шекарасы: Қостерек және Бестам ауылдарының көшелері толығымен.

 

№503 Маяқұм сайлау учаскесі

Орталығы: Ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, Маяқұм ауылдық округі, Маяқұм ауылы, Ж.Әуелбеков көшесі №8.

Шекарасы: Маяқұм ауылының Ө.Жәнібеков, С.Сейтбеков, А.Шерімқұлов, Қ.Сұлтанбаев, К.Байсейтова, Т.Бойтанов, Н.Құлымбетов, А.Белгібаев, К.Сапахов, Әл-Фараби, И.Қыдырбаев, С.Рахымов, Ж.Әуелбеков, Х.Жұмабеков, Рахым, Қ.Қуатбеков, М.Байжанов, Ә.Майданов, Қайрат, О.Шораев көшелері толығымен.

 

№504 Наурыз сайлау учаскесі

Орталығы: Коммуналдық тұрғын үйі ғимараты, Маяқұм ауылдық округі, Маяқұм ауылы, Е.Әнетбеков көшесі №23.

Шекарасы: Маяқұм ауылының Е.Әнетбеков, Т.Сыздықов, Ә.Байымбетов, Р.Мырзабеков көшелері толығымен.

 

 

Дата публикации
06 февраля 2024