Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Түркістан облысы Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы, Отырар ауданы №7 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалсын.
2. Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың осы шешімнің қосымшасына сәйкес Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3. Осы шешім Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және аудандық «Отырар алқабы» газетінде жариялансын.
Төраға Н. Жұбаев
Хатшы Ұ. Серікбай
Шәуілдір ауылы,
2024 жылғы 31 қаңтар
№7