Отырар ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Отырар  ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің  негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округтің  бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округтің бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округтің бюджетінің шығыстары.

Отырар ауылдық округінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 Халық саны. 2023 жылдың 1 қаңтарына халық саны 5 597 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауылдық округтің  жалпы жер көлемі  гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 11 830 гектар, оның ішінде егістік көлемі 2 845 гектар, жайлымдық көлемі 7 721 гектар.

Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округ бюджеті ірі қара саны 4 753 бас, қой мен ешкі 16 575 бас, жылқы 1 814 бас, түйе 910 бас құрайды.

Кәсіпкерлік. Елді мекенде 11 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 274 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны 123.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

2023 жылғы базалық мөлшерлемелер:

жалақының ең төмен мөлшері – 70 000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) – 21 907 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 53 076 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40 567 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3 450 теңге.

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округінің бюджетінің негізгі параметрлері

 Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Ауылдық округінің  бюджетінің түсімдері және шығындары

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округі  бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округі  бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округі бюджеті Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы  №8/49-VIII шешімімен бекітілді.

2023-2025 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

76 377

75 451,0

76 937,0

Салықтық түсімдер

17 267

22 451,0

23 576,0

Салықтық емес түсiмдер

13

14,0

14,0

Негізгі капиталды сатудан түскен түсім

 3 361,0

2 326,0

2 430,0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

55 736

50 660,0

50 917,0

Ағымдағы мақсатты трансферттер

 

 

 

Субвенция

55 736

50 660,0

50 917,0

Шығындар, оның ішінде:

79 541,0

74 451,0

76 937,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

60 375,0

64 291,0

50 917,0

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы ,оның ішінде:

7 699,0

2 000,0

22 020,0

Елдімекендегі көшелерді жарықтандыру

2 117

2 000,0

11 020,0

Елдімекендердің  санитариясын қамтамасыз ету

 

 

6 000,0

Елдімекендерді көркейту көгалдандыру

5 582

 

5 000,0

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

11 467

9 160,0

4 000,0

 

 

 

 

2023-2025 жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауылдық округі бюджетінің шығындары

 Жоспарланған 2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

 Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 2023 жылы кент әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 60 375 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 Бұл сала бойынша 2023 жылға, елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға 2 117 мың теңге,көше жарықтарының электр энергиясы шығынына 2 117 мың теңге, елді мекендерді көріктендіру көгалдандыру жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша 5 582 мың теңге, аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету шығындарына 11 467 мың теңге  қаралып жаратылған.

Дата публикации
05 декабря 2023