Шілік ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Шілік ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің  негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округтің  бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округтің бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округтің бюджетінің шығыстары.

Шілік ауылдық округінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 Халық саны. 2023 жылдың 1 қаңтарына халық саны 2647 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауыл округтің  жалпы жер көлемі 32500 гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 26818 гектар, оның ішінде егістік көлемі 1489 гектар, жайлымдық көлемі 25329 гектар.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл округ бюджеті ірі қара саны 3813 бас, қой мен ешкі 28447 бас, жылқы 1028 бас, түйе 960 бас құрайды.

Кәсіпкерлік. Елді мекенде  34 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 142 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны 52

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

2023 жылғы базалық мөлшерлемелер:

 жалақының ең төмен мөлшері – 70000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) – 21907 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 53076 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40567 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3450 теңге.

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округінің бюджетінің негізгі параметрлері

 Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

 Ауылдық округінің  бюджетінің түсімдері және шығындары

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округі  бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округі  бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округі бюджеті Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы  №8/49-VIII шешімімен бекітілді.

 

2023-2025 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

 

 

 

Салықтық түсімдер

14029,0

14029,0

14029,0

Салықтық емес түсiмдер

357,0

357,0

357,0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

72077,0

72077,0

72077,0

Ағымдағы мақсатты трансферттер

19588,0

19588,0

19588,0

Субвенция

52489,0

52489,0

52489,0

Шығындар, оның ішінде:

 

 

 

Жалпы сипаттағы аппарат шығындары

77639,0

77639,0

77639,0

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы ,оның ішінде:

6383,0

6383,0

6383,0

Елдімекендегі көшелерді жарықтандыру

1818,0

1818,0

1818,0

Елдімекендердің  санитариясын қамтамасыз ету

426,0

426,0

426,0

Елдімекендерді көркейту көгалдандыру

892,0

892,0

892,0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

 

 

 

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

 

 

 

 

2023-2025 жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауылдық округі бюджетінің шығындары

Жоспарланған 2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

 Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 2023 жылы кент әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 58051,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

Дата публикации
05 декабря 2023