Темір ауыл округінің 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Темір ауыл округінің 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауыл округтің  негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауыл округтің  бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауыл округтің бюджетінің түсімдері;
  • Ауыл округтің бюджетінің шығыстары.

Темір ауыл округінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2023 жылдың 1 қарашасына халық саны 4344 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауыл округтің  жалпы жер көлемі 3400  гектарды құрайды, жайлымдық көлемі 2840,0 гектар.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл округ бюджеті ірі қара саны 2813 бас, қой мен ешкі 6704  бас, жылқы 341 бас құрайды.

Кәсіпкерлік. Елді мекенде  3 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 142 жеке кәсіпкерлер жұмыс жасайды.

Ауыз су. Темір ауыл округінде 5 елді мекен бар. Соның ішінде Темір елді мекені орталықтандырылған  ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген, Отрабат, Ақшоқат, Ұзынқұдық  «Қазақстан Темір жол» Ұлттық Компаниясының Темір жол су бөлімдері арқылы қамтамасыз етілген.

Темір ауыл округі, Темір елді мекенінде  газ құбырына қысымдау  жұмыстары жүргізілуде.

 

2023 жылғы базалық мөлшерлемелер:

 жалақының ең төмен мөлшері – 70 000,0 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) – 24 341,0  тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 53076,0  теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40567,0 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3450 теңге.

 2023-2025 жылдарға арналған ауыл округінің  бюджетінің негізгі параметрлері

 Ауыл округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Ауыл округінің  бюджетінің түсімдері және шығындары

2023-2025 жылдарға арналған Ауыл округі  бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауыл округі  бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауыл округі бюджеті Отырар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы  №24/131-VII  шешімімен бекітілді.

 

2023-2025 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

75 360,0

 90 759,0

97 112,0

Салықтық түсімдер

13 172,0

17668,0

18906,0

Салықтық емес түсiмдер

13,0

13,0

15,0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

60 111,0

75 767,0

81070,0

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

1155,0

567,0

 

Субвенция

60 111,0

75 767,0

81070,0

Шығындар, оның ішінде:

75 360,0

 90 759,0

97 112,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

60111,0

75 767,0

81070,0

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы ,оның ішінде:

4605,0

10500,0

11235,0

Елдімекендегі көшелерді жарықтандыру

1218,0

3500,0

3745,0

Елдімекендердің  санитариясын қамтамасыз ету

1 500,0

3500,0

3745,0

Елдімекендерді көркейту көгалдандыру

1887,0

3500,0

3745,0

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерді автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1086,0

4492,0

4806,0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

0

0

0

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

0

0

0

2023-2025 жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 Ауыл округі бюджетінің шығындары

 Жоспарланған 2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

 Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 2023 жылы ауыл округі әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 60 111,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

Бұл сала бойынша 2023 жылға, елдімекендердегі көше жарықтарының электр энергиясы шығынына 1218,0 мың теңге, елдімекендерді санитариясын қамтамасыз ету бойынша 1500,0 мың теңге, елдімекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 1887,0 мың теңге  қаралған. Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерді автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету  бойынша  1086,0 мың теңге қаралған.

Дата публикации
05 декабря 2023