Маяқұм ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Маяқұм ауылдық округінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2023 жылдың1қаңтарына халық саны 4126 адамды құрады.
Жер көлемі.Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 283249 гектарды құрайды,ауылшаруашылық мақсатындағы жер көлемі 103484 гектар, оның ішінде егістік көлемі 4232 гектар, жайлымдық көлемі 98530 гектар,суармалы жер 3391 гектар,тыңайған жерлер 841гектар.
Ауылшаруашылығы.Ауылдық округ бюджетііріқара саны 4560 бас, қой мен ешкі 25170 бас, жылқы1250бас,түйе730 бас құрайды,тауық 6589.
Кәсіпкерлік.Елдімекенде13жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,123шаруа қожалығы жұмыс жасайды.
Ауыз су.Елдімекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.
2023 жылғы базалық мөлшерлемелер:
жалақының ең төмен мөлшері – 70 000теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) –21907 тенге;
зейнетақының ең төмен мөлшері – 53 076 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40 567 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 3 450 теңге.
2023-2025жылдарға арналған ауылдық округінің бюджетінің негізгі параметрлері
Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің,жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Ауылдық округінің бюджетінің түсімдері және шығындары
2023-2025жылдарға арналған ауылдық округі бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Ауылдық округі бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Ауылдық округі бюджеті Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы №8/49-VIII шешімімен бекітілді.
2023-2025жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
Атауы |
2023жыл |
2024жыл |
2025жыл |
|
1. Кірістер, оныңішінде: |
63633 |
80 970 |
86637 |
|
Салықтық түсімдер |
11268 |
14594 |
15615 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
148 |
183 |
195 |
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
52107 |
63736 |
68197 |
|
Ағымдағы мақсатты трансферттер |
0 |
0 |
0 |
|
Субвенция |
52107 |
63736 |
68197 |
|
Шығындар, оныңішінде: |
64782 |
80970 |
86637 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
56118 |
63736 |
68197 |
|
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы ,оның ішінде: |
2430 |
6000 |
6420 |
|
Елдімекендегі көшелерді жарықтандыру |
1208 |
3000 |
3210 |
|
Елдімекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
400 |
1000 |
1070 |
|
Елдімекендерді көркейту көгалдандыру |
822 |
2000 |
2140 |
|
Елді мекеннің ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
6234 |
8931 |
9556 |
|
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары |
|
|
|
2023-2025 жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Ауылдық округі бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Әлеуметтік сала шығындары
Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.
Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2023 жылы кент әкімінің аппаратын ұстап тұрушығындарына 52107,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
Бұл сала бойынша 2023 жылға, елдімекендердегі көшелерді жарықтандыруға 1208,0 мың теңге, елді мекендердегі абаттандыру көгалдандыруға 822,0мың теңге, елдімекендерді санитариясын қамтамасыз ету бойынша 400,0мың теңге.
Көлік және коммуникация
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 6234,0 мың теңге қаралған.