Құрметті отырарлықтар!
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұловтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, аудандық «Отырар-Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында ағымдағы жылдың 23 маусымынан бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары 23 маусым – 07 тамыз аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс: 8-747-102-54-98
Эл.почта: otyrarkyzmet@mail.ru