Шілік ауыл округінің
2023 – 2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
қаңтар айы
Шілік ауыл округінің 2023-2025 жылдарға арналған
азаматтық бюджеті
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Шілік ауыл округінің
негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2023 жылдың 1 қаңтарына халық саны 2647 адамды құрады.
Жер көлемі. Ауыл округтің жалпы жер көлемі 32500 гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 26818 гектар, оның ішінде егістік көлемі 1489 гектар, жайлымдық көлемі 25329 гектар.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл округ бюджеті ірі қара саны 3813 бас, қой мен ешкі 28447 бас, жылқы 1028 бас, түйе 960 бас құрайды.
Кәсіпкерлік. Елді мекенде 34 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 142 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны 52
Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.
2023 жылғы базалық мөлшерлемелер:
жалақының ең төмен мөлшері – 70000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) – 21907 тенге;
зейнетақының ең төмен мөлшері – 53076 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40567 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 3450 теңге.
2023-2025 жылдарға арналған ауыл округінің
бюджетінің негізгі параметрлері
Ауыл округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Ауыл округінің бюджетінің түсімдері және шығындары
2023-2025 жылдарға арналған ауыл округі бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Ауыл округі бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Ауыл округі бюджеті Отырар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №24/131-VII шешімімен бекітілді.
2023-2025 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
Атауы |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
89364,0 |
95619,0 |
102312,0 |
|
Салықтық түсімдер |
11456,0 |
12258,0 |
13116,0 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
143,0 |
153,0 |
164,0 |
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
77765,0 |
83208,0 |
89032,0 |
|
Ағымдағы мақсатты трансферттер |
25276,0 |
27045,0 |
28938,0 |
|
Субвенция |
52489,0 |
56163,0 |
60094,0 |
|
Шығындар, оның ішінде: |
89364,0 |
95619,0 |
102312,0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
77765,0 |
83208,0 |
89032,0 |
|
Елдімекендегі көшелерді жарықтандыру |
3500,0 |
3745,0 |
4007,0 |
|
Елдімекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
500,0 |
535,0 |
572,0 |
|
Елдімекендерді көркейту көгалдандыру |
2631,0 |
2815,0 |
3012,0 |
|
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
4968,0 |
5316,0 |
5688,0 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
0 |
|
|
|
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары |
0 |
|
|
2023-2025 жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Ауыл округі бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Әлеуметтік сала шығындары
Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.
Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2023 жылы кент әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 77765,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
Бұл сала бойынша 2023 жылға, елдімекендердегі көшелерді жарықтандыруға 3500,0 мың теңге,көше жарықтарының электр энергиясы шығынына 2360,0 мың теңге, елдімекендерді санитариясын қамтамасыз ету бойынша 500,0 мың теңге,елді мекенді абаттандыруға көгалдандыруға 2631,0 мың теңге,автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 4968,0 мың теңге қаралған.