Қоғам ауылдық округінің 2023 – 2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Қоғам ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округтің бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округтің бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округтің бюджетінің шығыстары.

Қоғам ауылдық округінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 Халық саны. 2023 жылдың 1 қаңтарына халық саны 4350 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауылдық округтің  жалпы жер көлемі 13605 гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 7044 гектар, оның ішінде егістік көлемі 2808 гектар, жайлымдық көлемі 4236 гектар.

Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округ бюджеті ірі қара саны 27126 бас, қой мен ешкі 21770 бас, жылқы 1291 бас, түйе 4065 бас құрайды.

Кәсіпкерлік. Елді мекенде  22 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 265 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

2023 жылғы базалық мөлшерлемелер:

 жалақының ең төмен мөлшері – 70000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) –21907 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 53076  теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40567 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3450 теңге.

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округінің бюджетінің негізгі параметрлері

 Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

   Ауылдық округінің  бюджетінің түсімдері және шығындары

2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округі  бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округі  бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округі бюджеті Отырар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы  №24/131-VII шешімімен бекітілді.

2023-2025 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

5007

5357

5732

Салықтық түсімдер

4829

5167

5528

Салықтық емес түсiмдер

178

190

203

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

54117

57905

61958

Ағымдағы мақсатты трансферттер

 

 

 

Субвенция

54117

57905

61958

Шығындар, оның ішінде:

 

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

54117

57905

61958

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы ,оның ішінде:

5007

5357

5732

Елдімекендегі көшелерді жарықтандыру

 

 

 

Елдімекендердің  санитариясын қамтамасыз ету

240

256

274

Елдімекендерді көркейту көгалдандыру

380

406

435

Елді мекеннің ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

4387

4694

5022

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

 

 

 

2023-2025 жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауылдық округі бюджетінің шығындары

 Жоспарланған 2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

 Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 2023 жылы кент әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 54117,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

         Бұл сала бойынша 2023 жылға, елдімекендердегі абаттандыру көгалдандыруға 380,0 мың теңге, елдімекендерді санитариясын қамтамасыз ету бойынша 240,0 мың теңге, аАудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 4387,0 мың теңге қаралған.

 

Дата публикации
12 марта 2023