Балтакөл ауыл округінің 2023 – 2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 Балтакөл ауыл округінің 2023-2025 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауыл округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауыл округтің бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауыл округтің бюджетінің түсімдері;
  • Ауыл округтің бюджетінің шығыстары.

 

Балтакөл ауыл округінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 Халық саны. 2023 жылдың 1 қаңтарына халық саны 4150 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауыл округтің  жалпы жер көлемі 294237 гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 67132 гектар, оның ішінде егістік көлемі 3946 гектар, жайлымдық көлемі 63186 гектар.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл округ бюджеті ірі қара саны 3794 бас, қой мен ешкі 18237 бас, жылқы 836 бас, түйе 44 бас құрайды.

Кәсіпкерлік. Елді мекенде  35 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 117 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны 30.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

2023 жылғы базалық мөлшерлемелер:

 жалақының ең төмен мөлшері – 70 000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) – 21 907 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 53 076 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40 567 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 3 450 теңге.

2023-2025 жылдарға арналған ауыл округінің бюджетінің негізгі параметрлері

Ауыл округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

 

   Ауыл округінің  бюджетінің түсімдері және шығындары

2023-2025 жылдарға арналған Ауыл округі  бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауыл округі  бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауыл округі бюджеті Отырар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы  №24/131-VII шешімімен бекітілді.

 

2023-2025 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

57466

68064

72829

Салықтық түсімдер

6098

6525

6982

Салықтық емес түсiмдер

13

14

15

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

35

37

40

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

51320

54912

58756

Ағымдағы мақсатты трансферттер

0

 

 

Субвенция

51320

54912

58756

Шығындар, оның ішінде:

 

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

51320

54912

58756

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы ,оның ішінде:

2518

2694

2882

Елдімекендегі көшелерді жарықтандыру

800

856

916

Елдімекендердің  санитариясын қамтамасыз ету

500

535

572

Елдімекендерді көркейту көгалдандыру

1218

1303

1394

Көлік және коммуникация

3628

3882

4154

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда,  кенттерде,     Ауыл округтерде автомобиль жолдарының жұмыс       істеуін қамтамасыз ету

3628

3882

4154

 

2023-2025 жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауыл округі бюджетінің шығындары

 Жоспарланған 2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

2023 жылы кент әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 51 320,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

         Бұл сала бойынша 2023 жылға, елдімекендердегі көшелерді жарықтандыруға 800,0 мың теңге, елдімекендерді санитариясын қамтамасыз ету бойынша 500,0 мың теңге, елдімекендерді көркейту көгалдандыру бойынша 1 218,0 мың теңге қаралған.

 Көлік және коммуникация

          Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда,  кенттерде,     Ауыл округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 3 628,0 мың теңге қаралған.

Дата публикации
12 марта 2023