Отырар аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясыының

Ш Е Ш І М І  №90

 Шәуілдір ауылы                                                                29 желтоқсан 2022 жыл

 

Отырар аудандық мәслихаттың

депутаттарын сайлау жөніндегі

бірмандаттық аумақтық сайлау

округтері бойынша округтік

сайлау комиссияларын құру

туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына және Отырар аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №89 Отырар аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» шешіміне сәйкес, Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Отырар аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 13 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. Отырар аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін шешім Отырар аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы шешім Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Отырар алқабы» газетінде орналастырылсын.
  4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасының

міндетін атқарушы                                                                         Т.Құлымбетов

 

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                            Ұ.Серікбай

Дата публикации
29 декабря 2022