ҚР Президентінің сайлауын өткізу мәселелері бойынша өткізілген семинар кеңестің хаттамасы

ҚР Президентінің сайлауын өткізу мәселелері бойынша өткізілген семинар кеңестің хаттамасы

№42

 

Шәуілдір ауылы                                                                     12 қазан 2022 жыл

Қатысқандар:

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары – Әлішев Әмирдин Мухиденұлы, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының заңгері – Оразымбетов Данияр Шекербекұлы, аудан әкімінің аппарат басшысы – Мәулен Айдос Қалдыбайұлы, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы – Елбасы Дархан Сейділдаханұлы, 40 учаскелік сайлау комиссияларының 76 төрағалары мен хатшылары.

Күн тәртібінде:

  1. 2022 жылы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына дайындық жұмыстарының барысы және аумақтық және учаскелік комиссия мүшелерінің білімін жетілдіру  туралы семинарын өткізу,  тестілеу сұрақтарымен жұмыс жасау.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Д. Елбасы семинарды ашып, алдымен облыстан келген қонақтарды қатысушыларға таныстырып, әрі қарай жүргізіп отырды. Бүгінгі семинарға облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ә. Әлішев пен осы комиссия заңгері Д. Оразымбетов келіп отыр.

         Д. Елбасы: Алғашқы сөз кезегін Ә. Әлішевке  берсем. Сұрақтарыңыз болса соңынан бере жатарсыздар.

Ә.М Әлішев «Қазақстан Рсепубликасындағы  сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасы Перзидентінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде туындайтын сұрақтар мен оның дұрыс жауабы жайлы жиынға қатысушылармен сұрақ жауап арқылы әдістемелік көмек берді. Жиын барысында қорытынды тестілеу сұрақтары толығымен талқыланды.

Сайлау науқаны барысында, сайлау күні учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері нені басшылыққа алу керектігі, сайлаушылармен, БАҚ өкілдерімен, байқаушы, блогерлермен  қалай жұмыс жасау керек екендігі жөнінде  облыстық сайлау комиссиясының мүшесі, заңгер Д.Ш Оразымбетов жан жақты түсіндірді. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жайлы нақты мәселелерді ортаға салды. 

Жиын сұрақ жауап тәсілінде өтіп, сұрақ жауапқа учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Жекелеген төрағалар мен хатшылар белсенділік танытып заңдарды біршама толық меңгергендіктерін байқатты.             

     Негізінен көтерілген мәселелер:

  1. Сайлау үйінен тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру
  2. Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерден дауыс алуды ұйымдастыру.
  3. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау.

Мұнан соң аудан әкімінің аппарат басшысы А. Мәулен сөз алып сайлаушылар тізімі жөнінде біраз анықтама берді. Сайлау барысында учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың тізімімен жұмыс істеу қажет. Сайлаушылар тізімін сайлау басталғанға дейін 20 күн қалғанда әкімдік таратып береді. Тізім алғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиясы тізімді тексереді. Ал, 15 күн қалғанда сайлаушыларды тізіммен таныстыру міндетті. Егер тізімде жоқ, бірақ сол елді мекенде тіркелген азаматтар анықталса тізімге қосуы тиіс.  Сондай-ақ, сайлау күні сайлау учаскесінде туындайтын кейбір проблемалар төңірегінде де әңгіме қозғап, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жиынды аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Д. Елбасы, қорытындылап, келген қонақтардың бүгінгі жұмысына, көрсеткен көмектеріне көпшілік атынан алғыс айтты.

 

Отырар аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                 Д. Елбасы

 

 

Дата публикации
12 октября 2022