2022 жылғы 9 қазанда Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өтті.
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5699 азамат енгізілді, олардың 3824-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 66, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 10.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Сайлау қорытындысы бойынша 1970 жылы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген «AMANAT» партиясынан ұсынылған Қыдыр Ғалым Сағындықұлы Шәуілдір ауылдық округінің әкімі болып сайланды. (Негізі: Аумақтық сайлау комиссиясының тіркеу туралы 10.10.2022 жылғы шешімі)
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы