ОТЫРАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

           2022 жылғы 21 тамызда Отырар ауданы Көксарай ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өтті.

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"  Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес,  Отырар ауданы Көксарай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2672 азамат енгізілді, олардың 1500-і дауыс берді.  Жарамсыз бюллетеньдер саны – 30, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 4.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

  1. Қалмұратұлы Әлімжанға - 881 дауыс.
  2. Қысмұратов Жасулан Абайұлына - 17 дауыс.
  3. Тасқараев Әділхан Тәжіханұлына – 568 дауыс.

         Сайлау қорытындысы бойынша 1993 жылы Отырар ауданы Көксарай ауылында дүниеге келген «AMANAT» партиясынан ұсынылған Қалмұратұлы Әлімжан Көксарай ауылдық округінің әкімі болып сайланды. (Негізі: Аумақтық сайлау комиссиясының тіркеу туралы 22.08.2022 жылғы шешімі)

                          

 

Дата публикации
22 августа 2022