Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша
Шәуілдір ауылы 13.06.2022 жыл
Отырар ауданы әкімінің 07.02.2022 жылғы №27 өкімінің негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарының негізінде, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізілген.
Жұмыс тобының кестесіне сәйкес 2022 жылдың 6 маусым – 10 маусым аралығында Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жұмыс тобымен құқықтық актілер, ішкі жергілікті актілер, өз қызметі барысында құрылымдық бөлімшелердің басшылыққа алатын ережелері зерттелді.
Мемлекеттік мекеменің Ережесін зерттеу барысында бөлімнің қызметін қозғайтын және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге атап айтқанда, «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңы, «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығы, ««Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығы, «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына талдау жасалынды.
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
Сонымен қатар, Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқару қызметіне 2021 жылдың ІІІ, IV тоқсанындағы кезеңі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген:
Мемлекеттік мекеменің кадр тұрақсыздығы жоқ;
Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилирленген болуы, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алулар, мүлікті, активтер және т.б. сатып алу немесе сату кезінде жақын туыстарының, жұбайыларының және жекжаттарының бірлескен қызметімен (жұмысымен) аффилирленген болуы, қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғалар үшін белгіленген, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ;
Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өзінің құқығы мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын қандай болса да заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік органның атына 2021 жылдың ІІІ, IV тоқсанында жүгінулер түскен жоқ.
Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Зерттеу кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде жұмысшы топ Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің АНЫҚТАЛМАҒАНЫ туралы қорытындыға келді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс тобының құрамы
|
Әмірхан Асхат Тасболатұлы |
|
жұмыс тобының жетекшісі |
|
Касымбеков Есбол Тулегенович |
|
жұмыс тобының мүшесі |
|
Жаймурзаев Еркебулан Абдикалыкович |
|
жұмыс тобының мүшесі |