Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

 

Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша

 

Шәуілдір ауылы                                                                                                      23.05.2022 жыл

 

Отырар ауданы әкімінің 07.02.2022 жылғы №27 өкімінің негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарының негізінде, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізілген.

Жұмыс тобының кестесіне сәйкес 2022 жылдың 16 мамыр – 20 мамыр аралығында Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жұмыс тобымен құқықтық актілер, ішкі жергілікті актілер, өз қызметі барысында құрылымдық бөлімшелердің басшылыққа алатын ережелері зерттелді.

Мемлекеттік мекеменің Ережесін зерттеу барысында бөлімнің қызметін қозғайтын және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 Қаулысына талдау жасалынды.

Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

Сонымен қатар, Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқару қызметіне 2021 жылдың ІІІ, IV тоқсанындағы кезеңі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген: 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадр тұрақсыздығы:

Мемлекеттік мекеменің кадр тұрақсыздығы жоқ;

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша:

Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилирленген болуы, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алулар, мүлікті, активтер және т.б. сатып алу немесе сату кезінде жақын туыстарының, жұбайыларының және жекжаттарының бірлескен қызметімен (жұмысымен) аффилирленген болуы, қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғалар үшін белгіленген, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ;

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету функциялары жоқ;
  2. Мемлекеттік мекемеде рұқсат беру функциялары жоқ;
  3. Бақылау функциялары жоқ;
  4. Мекемеде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өзінің құқығы мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын қандай болса да заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) анықталған жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік органның атына 2021 жылдың ІІІ, IV тоқсанында 2 жүгінулер түскен.

Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Зерттеу кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде жұмысшы топ Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің АНЫҚТАЛМАҒАНЫ туралы қорытындыға келді.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс тобының құрамы

 

Әмірхан Асхат Тасболатұлы

 

жұмыс тобының жетекшісі

Касымбеков Есбол Тулегенович

 

жұмыс тобының мүшесі

Жаймурзаев Еркебулан Абдикалыкович

 

жұмыс тобының мүшесі

 

Дата публикации
23 мая 2022