2022 жылғы 1 сәуірге аудандық бюджеттің орындалуы туралы
2022 жылғы 1 сәуірге аудан бюджетінің жергілікті кірістер көзінің жылдық жоспары
1 484 344,0 мың теңге оның ішінде жегілікті кірістер көзінің есепті кезеңге жоспары 330 059,0 мың теңгеге жоспарланса, орындалуы 435 149,0 мың теңге болып 131,8 немесе 105 090,0 мың теңгеге артық орындалған.
Аудандық бюджетте шығыстардың жылдық жоспары 15 394 600,0 мың теңге болса есепті кезеңге 3 250 606,0 жоспарланса орындалуы 3 250 542,4 теңге болып 100,0 %-ға орындалды. Қалдық 63,6 теңгеге кем орындалды.
2022 жылдың 1 сәуірге игерілуі 3 250 542,2 мың болса игерілуі оның ішінде;
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге – 280 966,9 мың теңге, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметтеріне 5974,0 мың теңге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарына – 187 813,5 мың теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 195 776,6 мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік шығындарына – 162 993,3 мың теңге, Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі шығындарына –10384,8 теңге жұмсалды.Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану шығындарына- 0,0 теңге жұмсалды. Көлік және комуникация шығындарына 600 мын теңге жұмсалды. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары шығындарына – 6430,0 мың теңге жұмсалды. Басқалар 206 417,7 мың теңге жұмсалды.