2021 жылғы 1 шілдеге аудандық бюджеттің орындалуы туралы
2021 жылғы 1 шілдеге аудан бюджетінің жергілікті кірістер көзінің жылдық жоспары
1 701 245,0 мың теңге оның ішінде жегілікті кірістер көзінің есепті кезеңге жоспары 686 738,0 мың теңгеге жоспарланса, орындалуы 757 512,8 мың теңге болып 110,3%-ға немесе 70 774,8 мың теңгеге артық орындалған.
Аудандық бюджетте шығыстардың жылдық жоспары 16 589 246,0 мың теңге болса есепті кезеңге 7 861 908,0 жоспарланса орындалуы 7 861 813,8 теңге болып 99,9 %-ға орындалды. Қалдық 94,2 мың теңгеге кем орындалды.
2021 жылдың 1 шілдеге 7 861 813,8 мың болса игерілуі оның ішінде;
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге – 496 911,4 мың теңге, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметтеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарына – 629 855,7 мың теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 507 592,5 мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік көлік және коммуникация шығындарына – 333 260,1 мың теңге, Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі шығындарына –26 021,8 теңге жұмсалды. Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану шығындарына- 143 180,4 теңге жұмсалды. Көлік және комуникация 35 607,0 теңге жұмсалды. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары шығындарына – 26 179,2 теңге жұмсалды. Басқалар 150 647,4 мың теңге жұмсалды.