2021 жылғы 1 мамырға аудандық бюджеттің орындалуы туралы
2021 жылғы 1 мамырға аудан бюджетінің жергілікті кірістер көзінің жылдық жоспары
1 430 085,0 мың теңге оның ішінде жегілікті кірістер көзінің есепті кезеңге жоспары 409 306,0 мың теңгеге жоспарланса, орындалуы 469 478,5 мың теңге болып 114,7%-ға немесе 60 181,5 мың теңгеге артық орындалған.
Аудандық бюджетте шығыстардың жылдық жоспары 15 227 106,0 мың теңге болса есепті кезеңге 4 025 084,0 жоспарланса орындалуы 4 003 845,1 теңге болып 99,9 %-ға орындалды. Қалдық 21 238,9 мың теңгеге кем орындалды.
2021 жылдың 1 мамырға 4 003 845,1 мың болса игерілуі оның ішінде;
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге – 318 828,5 мың теңге, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметтеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарына – 356 481,5 мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік көлік және коммуникация шығындарына – 221 660,0 мың теңге, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі шығындарына –21 997,6теңге жұмсалды. Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану шығындарына, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары шығындарына – 60 578,4теңге жұмсалды.