2021 жылғы 1 ақпанға аудандық бюджеттің орындалуы туралы
2021 жылғы 1 ақпанға аудан бюджетінің жергілікті кірістер көзінің жылдық жоспары
15 346 642,0 оның ішінде жергілікті кірістер жоспары 1 430 085,0 мың теңге оның есепті кезеңге 49 433,0 жоспарланса, орындалуы 24 585,3 мың теңге болып 49,7 %-ға немесе 24 847,7мың теңгеге кем орындалған.
Аудандық бюджетте шығыстардың жылдық жоспары 15 346 642,0 мың теңге болса есепті кезеңге 806 190,0 жоспарланса орындалуы 774 939,1 теңге болып 96,1%-ға орындалды. Қалдық 31 250,9 мың теңгеге кем орындалды.
2021 жылдың 1 ақпанға жаратылған 774 939,1 мың болса игерілуі:Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге – 15 092,8 мың теңге, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметтеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарына – 50 081,2мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік көлік және коммуникация шығындарына – 37 185,3 мың теңге, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі шығындарына –1974,0 мың теңге жұмсалды. Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану шығындарына, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары шығындарына 3619,0 мың теңге жұмсалды.