|
|
Қазақстан Республикасы |
Жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөнiндегі қызметтердi көрсетуге арналған үлгі шарт
|
_________________________ |
20__жылғы "__"__________ |
Бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын ___________________________________________
________________________________________________________________________________
(жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі қызметтерді ұсынатын ______________________________________________________________________ субъектiнiң атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) ___________________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн ____________________________________________________________ атынан лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.) бiр тараптан және бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын __________________________________________ негізінде әрекет ететiн ___________________________________________________ (пайдаланушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________________________________ атынан (лауазымы, А.Ә.Т.) екiнші тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.
1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
баланстық тиесілілік пен пайдалану жауапкершілігінің шекарасы – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы, сондай-ақ тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар арасындағы жылу желісінің баланстық тиесілілігі бойынша айқындалатын және тараптардың пайдалану жауапкершілігін белгілейтін жылу желісін бөлу нүктесі;
есепке алу аспабы (есеп айырысатын есепке алу аспабы) – жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, заңнамада белгіленген тәртiппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
есеп айырысу кезеңi – тұтынылған жылу энергиясы есепке алынатын және Тұтынушыға ақы төлеуге берілетін шартпен айқындалатын уақыт кезеңi (күнтiзбелiк ай);
жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіру, жылу беру және жылу тұтыну қондырғыларынан тұратын кешен;
жылу желiсi – жылу энергиясын беруге және/немесе таратуға арналған құрылғылар жиынтығы;
жылу жеткізгіш – жылу энергиясын беруге арналған жылумен жабдықтау жүйесінде пайдаланылатын зат (су, бу);
жылу энергиясы – тұтыну кезінде жылу жеткізгіштің термодинамикалық параметрлері (температура, қысым) өзгеретін жылу жеткізгіш беретін энергия;
жылу энергиясы үшін есеп айырысу – Өнім беруші ұсынған төлем құжаты негізінде есеп айырысу кезеңі аяқталған соң жылу энергиясы үшін Тұтынушының төлемақысы;
жылу энергиясының нақты көлемі – коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде немесе олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша айқындалған Өнім беруші Тұтынушыға берген жылу энергиясының көлемі;
жылу тұтынатын қондырғы – жылу энергиясын Тұтынушының мұқтаждары үшін жылу энергиясын, жылу жеткізгішті пайдалануға арналған құрылғы;
өнім беруші – Тұтынушыға жылу энергиясын беруді және/немесе таратуды жүзеге асыратын ұйым;
төлем құжаты – Өнім берушінің коммерциялық есепке алу аспаптарының іс-жүзіндегі көрсеткіштері негізінде, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған жағдайда, тұтынылған жылу энергиясы үшін Тұтынушы ақы төлеуді жүргізетін есеп айырысу жолымен жазып берген құжаты (шот, хабарлама, түбiртек, ескерту шоты);
тұтынушы – жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополия салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;
электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Шарттың нысанасы
_______________________________________________________________________________
(осы тармақта міндетті талаптар, оның ішінде техникалық шарттың,
________________________________________________________________________________
жылумен жабдықтау жүйелерінің техникалық дайындығы актiсiнiң, жылу
________________________________________________________________________________
желілерiн ажырату актісінiң болуы және т.б. көзделеді)
Бұл ретте, Тұтынушыға жеткiзілетін жылу энергиясының параметрлері (сапасы) тараптардың баланстық тиесiлiлігінің шекарасында орнатылған бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткiштерi бойынша анықталады және электр энергетикасы саласындағы ұлттық стандарттарда немесе нормативтiк-техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, сондай-ақ Өнім беруші жасаған және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген температуралық кестеге сәйкес келуі тиiс.
3-тарау. Көрсетілетін қызметтердi ұсынуды тоқтату және шектеу тәртiбi
1) жылумен жабдықтау шартында белгіленген мерзімде тұтынылған жылу энергиясы үшін төлем болмаған, сондай-ақ толық төленбеген;
2) жылу тұтынатын қондырғыларын Өнім берушінің жылу желiсiне өз бетінше қосқан;
3) коммерциялық есепке алу аспаптары орнатылған жерге дейiн жылу тұтыну жүйелерiн қосқан;
4) жергілікті атқару органдарының өкілдерін және Өнім берушінің өкiлдерiн жылу тұтыну жүйелеріне және (немесе) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына жiбермеген;
5) Өнім берушінің жылу желісіне жылу тұтыну қондырғылары мен жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа техникалық дайындығы актісіз қосылған;
6) Шартта келісілген есептелген жылу жүктемелерін және Өнім берушімен келісімсіз шарттық тұтыну режимдерін артық пайдаланған;
7) жергілікті атқарушы органдардың және атом энергиясын пайдалану және электр энергетикасы салаларында басшылықты жүзеге асыратын органдардың нұсқамаларын белгіленген мерзімде қамтамасыз етпеу;
8) авариялық жағдайда;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық талаптар бұзылған жағдайларда Тұтынушыға жылу энергиясын беруді тоқтатады немесе шектейді.
Бұл ретте Өнім беруші:
осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 7), 9) тармақшаларында айтылған жағдайларда – егер шартта өзгеше көзделмесе, жылу энергиясын беруді тоқтатқанға немесе шектеуге дейін кемінде үш тәулік бұрын Өнім беруші Тұтынушыға (хабарлама қою жолымен) жазбаша немесе жылу энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушыларға электрондық поштасына, факсына хабарлағаннан кейін;
осы тармақтың 2), 3), 8) тармақшаларында аталған жағдайларда – хабарлаусыз дереу жылу энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатады.
Акт Өнім берушінің өкiлi мен Тұтынушының, не оның өкiлiнiң қолы болған көзде жарамды. Акт Тұтынушы немесе оның өкілі қол қоюдан бас тартқан кезде де, бірақ оны құрамында кемінде үш адам бар Өнім берушінің комиссиясы ресімдеген жағдайда да жарамды болып есептеледі. Көп пәтерлі ғимараттарда комиссияның құрамына кондоминиумды басқару органының өкілі кіреді.
Бұзушылық актісінің негізінде Өнім беруші толық есепке алынбаған жылу энергиясының мөлшерін анықтайды және тұтынушыға қайта есептеу сомасын негіздей отырып, есептемелерді жібереді. Тұтынушы қайта есептемемен келіспеген жағдайда, Тараптардың ара-қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен реттеледі.
4-тарау. Жылу энергиясын есепке алу
Коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, Тараптар белгіленген тәртіппен қол қойылған салыстырып тексеру актісінде тіркеуі тиіс.
Коммерциялық есепке алу аспаптарын тексеру аспаптарға арналған аралық интервалға сәйкес тексеру әдістемелерінде көрсетілген мерзімде, сондай-ақ мүдделі тараптардың бірінің өтініші бойынша олардың көрсеткіштерінің дұрыстығына күмәнданған жағдайда жүргізіледі.
Тараптар талап ететiн тараптың есебiнен жүргiзiлетiн қосымша тексерулер жүргізудi талап етуi мүмкiн.
5-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
1) осы Шартта белгiленген көлемде және мерзiмдерде белгiленген сападағы көрсетілетін қызметтердi алуға;
2) жасалған Шарттың талаптарына сәйкес үзілістері кезіндегі уақыт үшін немесе толық жеткізілмеген және оның стандарттық параметрлеріне сәйкес емес жылу энергиясын жеткізгені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша қайта есептеуді айырысуды талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде өнім берушіден тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өзгеруі туралы ақпарат алуға;
4) Шарт жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшін сот органдарына жүгінуге;
5) Өнім беруші iс жүзiнде ұсынылған қызметтер үшін ақы төлеген жағдайда, Өнім берушіні күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар ете отырып, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқығы бар. Бұл ретте, жылыту жүйесi көппәтерлi үйдiң жалпы жылыту жүйесiнiң бір бөлiгі болып табылатын жеке үй-жайдың меншiк иесiнiң жылу энергиясын беруге және/немесе таратуға арналған Шарттан бipжақты бас тартуына жол берiлмейдi.
1) Шарттың талаптарына сәйкес Өнім беруші ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөнiнде көрсетілетін қызметтерге уақтылы ақы төлеуге;
2) жылумен жабдықтау жүйелерінің тиiсті техникалық жай-күйiн сақтауға;
3) Өнім берушіні коммерциялық есепке алу аспаптарының iстен шыққаны немесе режимнiң және жұмыс талаптарының бұзылғаны туралы жедел жазбаша хабардар етуге міндетті, олай болмаған жағдайда, коммерциялық есепке алу аспаптары тиiстi құжаттармен расталған олардың соңғы рет тексерілген күнінен бастап iстен шықты деп саналады;
4) желілердiң, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн Өнім беруші персоналына жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен жылу тұтыну қондырғыларына кедергiсiз қол жеткiзуді қамтамасыз етуге;
5) Шарт бұзылған жағдайда, есептемелерді салыстырып тексеру және Өнім беруші iс жүзiнде ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін борышты өтеуге мiндетті.
1) жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтердiң барлық тұтынушылары үшiн тең жағдайлар ұсынуға;
2) жылу желілерінің баланстық тиесілілік шекарасында осы Шартта берiлген жылу энергиясының параметрлерін сақтауға;
3) Тұтынушымен жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтердi ұсынуға шарт жасасуға;
4) Тұтынушыға тиiстi сападағы жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөнiнде көрсетілетін қызметтердi Шарттың талаптарында айқындалған тәртіппен және мерзiмдерде ұсынуға;
5) Тұтынушыға жеткiзілетін жылу энергиясының сапасы мен мөлшерін есепке алуға және оған бақылау жүргiзуге, жылу энергиясының сапасын бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;
6) Тұтынушы жылу энергиясының сапасы төмендегенi туралы өтінішті берген күннен бастап күнтізбелік үш күн iшiнде сапаны қалпына келтiру бойынша барлық шараларды қабылдауға және қайта есептеуді жүргізуге;
7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекiтілген тарифтер бойынша жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі көрсетілетiн қызметтер үшiн төлем алуға;
8) осы Шартта көзделген жағдайлардан басқа, жылу энергиясын беруде және/немесе таратуда үзiлiстерге жол бермеуге мiндеттi.
1) инженерлік желілерді, жабдықтар мен құрылғыларды қайта жабдықтау, реттеуші және бекіту арматурасын, сондай-ақ қауіпсіз пайдалану талаптарына және нормативтік құжаттарда белгіленген басқа да талаптарға сай келмейтін жабдықты жеткізушімен келіспей орнату, қосу және пайдалану;
2) қолда бар жылу энергиясын есепке алу схемасын бұзуға;
3) жылыту жүйелерiндегi жылу тасығышты тікелей мақсаты (жүйеден және жылыту құралдарынан суды ағызуға) бойынша пайдаланбауға;
4) жылыту аспаптарының қосымша секцияларын, бекіту және реттеуіш арматураны және айналмалы сорғыларды орнатуға және/немесе бұзуға тыйым салынады.
6-тарау. Есеп айырысу тәртiбi
7-тарау. Тараптардың жауапкершiлiгi
Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу Шарт жасасқан кезде жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбын есептеу мерзімінің басталуы, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың бірінші күні болып табылады.
8-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
Еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кейін Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған, еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін нақтылайтын және сипаттамасын жазбаша хабарламаны табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.
Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда, Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
9-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу
Тараптар бүкіл дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жiгерiн жұмсауы тиiс.
Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
10-тарау. Шарттың қолданылу мерзiмi
Тараптардың бірінің мерзімі аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған кезде, ол шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.
11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелерi және қолдары
|
Өнім берушi Отырарауданыәкімдігініңшаруашылықжүргізуқұқығындағы «Отырар-Жылу» мемлекеттіккоммуналдықкәсіпорны БСН 110940013511 ИИК 73563Х350000051938 БИК KPSTKZKA Банк АО Казпочта |
Тұтынушы: |
|
Директорының м.у.а______________________ Б.С.Нуржанов |
|