2021 жылғы 26 қыркүйекте Отырар ауданы Талапты ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өтті.
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Отырар ауданы Талапты ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау қорытындысы бойынша 1981 жылы Отырар ауданы Көкмардан ауылында дүниеге келген «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Одаман Сұлтанмахмут Мамақұлы Талапты ауылдық округінің әкімі болып сайланды. (Негізі: Аумақтық сайлау комиссиясының тіркеу туралы 28.09.2021 жылғы шешімі)
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы