Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған (қабылданып жатқан) шаралар туралы ақпарат
Отырар ауданы әкімінің 20.04.2021 жылғы №61 өкімінің негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарының негізінде, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізілген ішкі талдау нәтижелері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша мына төмендегі шаралар қабылданды.
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 11.11.2019 жылғы «Мәдениет саласының қызметкерлеріне аттестация өткізу туралы» №22 бұйрығы және 27.01.2020 жылғы №1 бұйрығы өзгертіліп қайта бекітілді.
Сонымен қатар, Отырар ауданы әкімдігінің 18.02.2019 жылғы №53 қаулысымен бекітілген Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ережесіне өзгертулер енгізіліп және мекеменің 11.06.2019 жылы №48/1 санды Комиссия құрамын бекіту туралы бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Және де облысы Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарын және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін бекіту бойынша жергілікті өкілді орган нормативтік құқықтық шешімі мен атқарушы органның нормативтік құқықтық қаулысының жобасын әзірлеу үстінде.
Аудан әкімі аппараты
Заң бөлімінің басшысы А.Әмірхан