Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша
Шәуілдір ауылы 28.04.2021 жыл
Отырар ауданы әкімінің 20.04.2021 жылғы №61 өкімінің негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарының негізінде, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізілген.
Отырар ауданы әкімінің 20.04.2021 жылғы №61 өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылды және осы өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілді.
Жұмыс тобының кестесіне сәйкес 2021 жылдың 26 сәуір – 28 сәуір аралығында Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жұмыс тобымен құқықтық актілер, ішкі жергілікті актілер, өз қызметі барысында құрылымдық бөлімшелердің басшылыққа алатын ережелері зерттелді.
Мемлекеттік мекеменің Ережесін зерттеу барысында бөлімнің қызметін қозғайтын және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге атап айтқанда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы, «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңы, «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңы, «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы, «Автомобиль көлiгi туралы» ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» ҚР Заңы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығымен бекітілген Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 16 қазанындағы № 539 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидалары, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 304 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары, Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 1 қарашадағы № 43/465-VI шешімімен бекітілген Түркістан облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларына талдау жасалынды.
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
Сонымен қатар, Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқару қызметіне 2019, 2020 жылдары және 2021 жылдың 1 тоқсаны аралығындағы кезеңі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген:
Мемлекеттік мекеменің кадр тұрақсыздығы жоқ;
Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилирленген болуы, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алулар, мүлікті, активтер және т.б. сатып алу немесе сату кезінде жақын туыстарының, жұбайыларының және жекжаттарының бірлескен қызметімен (жұмысымен) аффилирленген болуы, қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғалар үшін белгіленген, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ;
Мемлекеттік мекеменің 9 түрлі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;
Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өзінің құқығы мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын қандай болса да заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік органның атына 2019 жылы 230, 2020 жылы 228 және 2021 жылдың І тоқсанында 66 жүгінулер түскен.
Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік органның атына 2019 жылы 230 өтініш ішінде 169 өтініш Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою бойынша, 61 өтініш өзге мәселе бойынша түскен.
2020 жылы 230 жүгінулер түскен. Оның ішінде:
211 өтініш Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою;
3 өтініш Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру;
5 өтініш Тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша 9 өтініш өзге өтініш бойынша түскен.
2021 жылдың І тоқсанында 66 өтініштің ішінде 61өтініш Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою бойынша, 5 өтініш өзге мәселе бойынша түскен.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 14-1-бабының 2-тармағында «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) айқындайды» - деп;
97-бабының 1-тармағында «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін уәкілетті орган бекіткен, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (коммуналдық тұрғын үй қорынан), мемлекеттік мекеменің әкімшілігі (мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан) немесе мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігі (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан) белгілейді» - деп көрсетілген.
Алайда мемлекеттік орган Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарын және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін бекіту үшін мәслихат пен әкімдікке жүгінбеген.
Осы мәселелер бойынша мемлекеттік органға Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарын және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін бекіту бойынша жергілікті өкілді орган мен атқарушы органға нормативтік құқықтық акті жобасын жасау ұсынылды.
Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Зерттеу кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде жұмысшы топ Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің анықталғаны туралы қорытындыға келді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс тобының құрамы
|
Кудайбергенов Асылхан Маханбетханович |
|
жұмыс тобының жетекшісі |
|
Омарбек Дәулет Нұртазаұлы |
|
жұмыс тобының мүшесі |
|
Джаханов Фараби Балашевич |
|
жұмыс тобының мүшесі |
|
Әбілқайыров Ержан Мұсылманқұлұлы |
|
жұмыс тобының мүшесі |
|
Тынысбек Қазыбек Жангелдіұлы |
|
жұмыс тобының мүшесі |
|
Нәлібай Саттар Жұмаділлаұлы |
|
жұмыс тобының мүшесі |