Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша
Шәуілдір ауылы 28.04.2021 жыл
Отырар ауданы әкімінің 20.04.2021 жылғы №61 өкімінің негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарының негізінде, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізілген.
Отырар ауданы әкімінің 20.04.2021 жылғы №61 өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылды және осы өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілді.
Жұмыс тобының кестесіне сәйкес 2021 жылдың 26 сәуір – 28 сәуір аралығында Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жұмыс тобымен құқықтық актілер, ішкі жергілікті актілер, өз қызметі барысында құрылымдық бөлімшелердің басшылыққа алатын ережелері зерттелді.
Мемлекеттік мекеменің Ережесін зерттеу барысында бөлімнің қызметін қозғайтын және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге атап айтқанда, «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңы, «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына талдау жасалынды.
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
Сонымен қатар, Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқару қызметіне 2019, 2020 жылдары және 2021 жылдың 1 тоқсаны аралығындағы кезеңі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген:
Мемлекеттік мекеменің кадр тұрақсыздығы жоқ;
Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилирленген болуы, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алулар, мүлікті, активтер және т.б. сатып алу немесе сату кезінде жақын туыстарының, жұбайыларының және жекжаттарының бірлескен қызметімен (жұмысымен) аффилирленген болуы, қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғалар үшін белгіленген, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ;
Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өзінің құқығы мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын қандай болса да заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік органның атына 2019 жылы 4, 2020 жылы 1 және 2021 жылдың І тоқсанында 1 жүгінулер түскен.
Мемлекеттік мекеме өзінің 11.11.2019 жылғы «Мәдениет саласының қызметкерлеріне аттестация өткізу туралы» №22 бұйрығының және 27.01.2020 жылғы №1 бұйрығының негізінде бағынысты ұйымдарының басшылары, орынбасарлары мен азаматтық қызметкерлерін аттестациядар өткізіп келген.
Аталған бұйрықтың негізінде өткізілген аттестация бойынша, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 жылғы № 189 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарының талабы бұзылған.
Себебі, «Мәдениет туралы» ҚР Заңының 9-бабының 5)-тармақшасында «Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді» - деп көрсетілсе, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 жылғы № 189 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарының 4-тармағының екінші бөлігінде «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының мәдениет ұйымдарының бірінші басшылары болып табылатын қызметшілер мен олардың орынбасарлары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары жанындағы тиісті аттестаттау комиссияларымен аттестаттаудан өткізіледі» - деп көрсетілген.
Яғни, Мекемеге қарасты мәдениет ұйымдарының бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары аудан әкімдігінің жанынан құрылған тиісті аттестаттау комиссияларымен аттестаттаудан өткізілу қажет.
Осы мәселелер бойынша мемлекеттік мекемеге, мекеменің 11.11.2019 жылғы «Мәдениет саласының қызметкерлеріне аттестация өткізу туралы» №22 бұйрығының және 27.01.2020 жылғы №1 бұйрығын қайта жасап бекіту ұсынылды.
Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Зерттеу кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде жұмысшы топ Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің анықталғаны туралы қорытындыға келді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс тобының құрамы
|
Құттыбай Сағынтай Тәттібайұлы |
|
жұмыс тобының жетекшісі |
|
Абилаханова Баян Муталхановна |
|
жұмыс тобының мүшесі |
|
Әбдірайым Ұрхия Мәткәрімқызы |
|
жұмыс тобының мүшесі |
|
Керімбек Айжан Өмірғалиқызы |
|
жұмыс тобының мүшесі |