Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша
Шәуілдір ауылы 28.04.2021 жыл
Отырар ауданы әкімінің 20.04.2021 жылғы №61 өкімінің негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарының негізінде, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізілген.
Отырар ауданы әкімінің 20.04.2021 жылғы №61 өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылды және осы өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілді.
Жұмыс тобының кестесіне сәйкес 2021 жылдың 26 сәуір – 28 сәуір аралығында Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жұмыс тобымен құқықтық актілер, ішкі жергілікті актілер, өз қызметі барысында құрылымдық бөлімшелердің басшылыққа алатын ережелері зерттелді.
Мемлекеттік мекеменің Ережесін зерттеу барысында бөлімнің қызметін қозғайтын және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге атап айтқанда, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығы, ««Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығы, «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына талдау жасалынды.
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
Сонымен қатар, Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқару қызметіне 2019, 2020 жылдары және 2021 жылдың 1 тоқсаны аралығындағы кезеңі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген:
Мемлекеттік мекеменің кадр тұрақсыздығы жоқ;
Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилирленген болуы, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алулар, мүлікті, активтер және т.б. сатып алу немесе сату кезінде жақын туыстарының, жұбайыларының және жекжаттарының бірлескен қызметімен (жұмысымен) аффилирленген болуы, қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғалар үшін белгіленген, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ;
Мемлекеттік мекеменің Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2019 жылы 238, 2020 жылы 27 мемлекеттік қызмет көрсетілген 2021 жылдың І тоқсанында өтініш түспеген.
Оның ішінде 2019 жылы 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшыға – 30 өтінішті, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшыға – 69 өтінішті, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшыға – 133 өтінішті, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушыға – 1 өтінішті, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушыға – 2 өтінішті, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскерге – 2 өтінішті, спорт төрешісіне – 1 өтінішті қанағаттандырған.
2020 жылы 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшыға – 9 өтінішті, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшыға – 17 өтінішті, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскерге – 1 өтінішті қанағаттандырған.
Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өзінің құқығы мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын қандай болса да заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік органның атына 2019 жылы 2, 2020 жылы 1 және 2021 жылдың І тоқсанында 1 жүгінулер түскен.
Мемлекеттік мекеме мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына сәкес, мекеменің 11.06.2019 жылы №48/1 санды бұйрығымен құрылған комиссияның қорытындысының негізінде көрсетіп келген.
Аталған комиссияның төрағасы болып, Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Ташов болып бекітілген.
Бұл өз кезегінде, «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген қағиданың 7-тармағының екінші бөлігінде «Уәкілетті органның өкілдері, уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия төрағасы мен хатшысы уәкілетті орган өкілдерінің арасынан айқындалады» - деп көрсетілген талабына сай келмейді. Себебі, Отырар ауданы әкімдігінің 18.02.2019 жылғы №53 қаулысымен бекітілген Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ережесінің 23-тармағының 1)-тармақшасында «басшысы мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді»-көрсетілген. Яғни басшы мемлекеттік органның өкілі болып табылмайтындықтан, жоғарыда аталған Қағиданың талабындағыдай уәкілетті органның басшысы уәкілетті органның өкілі болып табылмайды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 27.12.2019 жылғы Заңының талабына сәйкес мемлекеттік мекемеге қарасты спорт мектептерінің басқару органы облыстық жергілікті атқарушы органға ауысуына байланысты мемлекеттік мекемеге бағынысты мекемелер жоқ.
Осы мәселелер бойынша мемлекеттік мекемеге мекеменің Отырар ауданы әкімдігінің 18.02.2019 жылғы №53 қаулысымен бекітілген Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ережесіне өзгертулер енгізіп қайта бекіттіру және мекеменің 11.06.2019 жылы №48/1 санды бұйрығымен құрылған комиссиянының құрамын қайта жасап бекіту ұсынылды.
Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Зерттеу кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде жұмысшы топ Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің «ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің анықталғаны туралы қорытындыға келді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс тобының құрамы
|
Ташов Ермек Қалашұлы
|
|
жұмыс тобының жетекшісі |
|
Қуандықов Нұрдәулет Бағланұлы |
|
жұмыс тобының мүшесі |
|
Еркулов Айдос Дюсенбайұлы |
|
жұмыс тобының мүшесі |
|
Маябасова Айнұр Қуандыққызы
|
|
жұмыс тобының мүшесі |