Отырар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының 2021 жылғы
27 тамыздағы №46 шешіміне
қосымша
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Талапты ауыл округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Отырар ауданы, Талапты ауыл округі әкімінің (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау |
|
|
|
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде (2021 жылғы 27 тамыз) (113-1-б. 2, 3-т.)
|
|
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей (2021 жылдың 6 қыркүйегінен кешіктірмей) (2.2-б)
|
|
3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей (2021 жылдың 6 қыркүйегінен кешіктірмей) (13-б.4-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей (2021 жылдың 11 қыркүйегінен кешіктірмей) (17-б. 2-т.)
|
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тиісті әкімдер Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде (2021 жылдың 11 қыркүйегінен кешіктірмей) (23-б. 5-т.)
|
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он бес күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. (2021 жылғы 28 тамызда басталады, 2021 жылғы 10 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 18-00 аяқталады) (113-3-б. 5-т.)
|
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.)
|
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.)
|
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 7-т.)
|
|
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2- т.)
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.)
|
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (2021 жылдың 28 тамызда басталады, 2021 жылдың 15 қыркүйегінде жергілікті уақытпен сағат 18-00 аяқталады) (113-5-б.)
|
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.)
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (2021 жылдың 15 қыркүйегінен жергілікті уақытпен сағат 18-00 де басталады, 2021 жылдың 25 қыркүйекте жергілікті уақытпен нөл сағатта аяқталады) (27-б. 2-т.)
|
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Тиісті әкімдер Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын (2021 жылдың 6 қыркүйегіне дейін) (24-б. 5-т.)
|
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда (2021 жылдың 11 қыркүйегінен бастап) (26-б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей (2021 жылдың 16 қыркүйегіне дейін) (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын (2021 жылдың 23 қыркүйегінен ерте емес және 2021 жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірмей) (37-б. 3-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (2021 жылдың 26 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша 06-00 сағатта) (40-б. 1-т.)
|
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.)
|
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей (2021 жылдың 29 қыркүйегінен кешіктірмей) (113-10-б.)
|
|
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей (2021 жылдың 29 қыркүйегінен кешіктірмей) (44-б.)
|
|
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде
Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін (2021 жылдың 2 қазаннан кешіктірмей) (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.