Отырар ауданының Талапты ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Ш Е Ш І М І   №46

 Шәуілдір ауылы                                                  27 тамыз 2021 жыл

Отырар ауданының Талапты

ауылдық округі әкімінің сайлауын

тағайындау туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1- бабына сәйкес, Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Талапты ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылдың 26 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, 2021 жылдың 26 қыркүйекке тағайындалған Отырар ауданының Талапты ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы шешім аудандық «Отырар алқабы» газетінде және Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет сайтында жариялансын.

          Отырар аудандық аумақтық сайлау

         комиссиясының төрағасы                                    Д. Елбасы

 

         Отырар аудандық аумақтық сайлау

         комиссиясының хатшысы                                 Ұ. Серікбай

 

Дата публикации
27 августа 2021