2021 жылғы 25 шілдеде Отырар ауданының ауылдық округтері әкімдерінің жеті сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Отырар ауданының ауылдық округтер әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Аққұм сайлау округі бойынша:
Сайлау қорытындысы бойынша 1980 жылы Отырар ауданы Аққұм ауылында дүниеге келген өзін өзі ұсынған Әлішері Серік Бегалыұлы Аққұм ауылдық округінің әкімі болып сайланды. (Аумақтық сайлау комиссиясының тіркеу туралы 26.07.2021 жылғы шешімі).
Ақтөбе сайлау округі бойынша:
Сайлау қорытындысы бойынша 1964 жылы Отырар ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Тайгелтір Исахан Әлібекұлы Ақтөбе ауылдық округінің әкімі болып сайланды. (Аумақтық сайлау комиссиясының тіркеу туралы 26.07.2021 жылғы шешімі).
Балтакөл сайлау округі бойынша:
Сайлау қорытындысы бойынша 1968 жылы Отырар ауданы Балтакөл ауылында дүниеге келген «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Ателов Сейтхан Айдарханович Балтакөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды. (Аумақтық сайлау комиссиясының тіркеу туралы 26.07.2021 жылғы шешімі).
Көксарай сайлау округі бойынша:
Сайлау қорытындысы бойынша 1977 жылы Отырар ауданы Көксарай ауылында дүниеге келген «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Ташов Ермек Қалашұлы Көксарай ауылдық округінің әкімі болып сайланды. (Аумақтық сайлау комиссиясының тіркеу туралы 26.07.2021 жылғы шешімі).
Қарғалы сайлау округі бойынша:
Сайлау қорытындысы бойынша 1982 жылы Отырар ауданы Отырар ауылында дүниеге келген өзін өзі ұсынған Жұмабек Еркеғали Жұмабекұлы Қарғалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды. (Аумақтық сайлау комиссиясының тіркеу туралы 26.07.2021 жылғы шешімі).
Маяқұм сайлау округі бойынша:
Сайлау қорытындысы бойынша 1962 жылы Отырар ауданы Маяқұм ауылында дүниеге келген «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Иманов Берікбай Нұржігітұлы Маяқұм ауылдық округінің әкімі болып сайланды. (Аумақтық сайлау комиссиясының тіркеу туралы 26.07.2021 жылғы шешімі).
Отырар сайлау округі бойынша:
Сайлау қорытындысы бойынша 1975 жылы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Үсетов Дінмұхамед Беделханұлы Отырар ауылдық округінің әкімі болып сайланды. (Аумақтық сайлау комиссиясының тіркеу туралы 26.07.2021 жылғы шешімі).
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы