Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық

 

Анықтама

 

Шәуілдір ауылы                                                        09.10.2026 жыл

 

Кіріспе бөлім:

 

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдән әрі - Ішкі талдау) жүргізу негіздемесі:

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 8-бабы 5- тармағына;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы;

      «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 ақпандағы  № 21 бұйрығы негізінде;

Отырар аудан әкімдігінің тұрғын үй,коммуналдық шаруашлық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің «Отырар Жылу» МКК басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2025 жылғы 25 маусымдағы  № 5 бұйрығы;

 

2.Ішкі талдау жүргізген  жұмыс  тобының мүшелері:

  • «Отырар-Жылу» МКК директоры – Әуел Қуат Әкімқұлұлы
  • «Отырар-Жылу» МККинженері–Ысқақов Наурыз Молдашұлы
  • «Отырар-Жылу» МКК бас есепші – Желкубакова Әсел Саматовна
  • «Отырар-Жылу» МКК- техника қауіпсіздігі жөніндегі инженері–Сабыров Даулен Зайырович
  • «Отырар-Жылу» МКК кассирі Өмірзақ Нұргүл Оразханқызы

3.Ішкі талдау жүргізу мерзімі:

  • жылдың 17 тамыз – 28 қыркүйек айы аралығы

 

4 Ішкі талдау жүргізу барысында шектеу немесе кедергі жасау

Кәсіпорын  басшылары мен қызметкерлері тарапынан ішкі талдау жүргізу кезінде кедергі жасау немесе шектеулер болмады.

 

Сипаттама бөлігі:

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің бағыттары:

  1. Персоналдық басқару соның ішінде кадрлық жұмыс;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Бақылау-тексеру функциялары
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету
  5. Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс

 

          

Талдамалық Анықтама:

1 Персоналдық басқару соның ішінде кадрлар жұмысы;

Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің «Отырар-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындаҚазақстан Республикасы Үкіметінің  «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулының талаптары сақталған.

Қызметкерлер құрамын басқару және еңбек қатынастары:

Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің «Отырар-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында жалпы - 28 штат саны бар.Оның ішінде бос жұмыс орны саны - жоқ.Жұмыс жасап отырған қызметкерлер саны – 12 қызметкер

Бос жұмыс орындары «Электрондық еңбек биржасы»мемлекеттік ақпараттық порталына тұрақты түрде жарияланып отыр.

       Бос жұмыс орнын  «Электрондық еңбек биржасы»мемлекеттік ақпараттық порталына жариялау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалмайды.

Қәзіргі таңда  «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында нақты штат

жұмыс жасап отырған қызметкерлердің саны - 14 ер азаматтар -25,  әйел азаматшалары - 2. Зейнет жасына шыққан қызметкерлер саны – 1. Мүгедектік топқа жататын қызметкерлер саны – 2. оның ішінде  қызметкер - III топта; 1 қызметкер – II топта).

 

 

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде жасалатын рәсімдер:

 2026 жыл басынан 3- қызметкер жұмысқа қабылданды. 1 қызметкер басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылды. Барлық жұмыскерлер Отырар аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы және жеке өтініш негізінде жұмысқа қабылданған. Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттары толығымен алынған.

Жұмысқа қабылдану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалмайды.

Еңбек демалысы, еңбекке жарамсыз болған және ақысыз демалысқа шыққан қызметкерлер туралы:

Жыл басынан 13 –қызметкер еңбек демалысына шыққан. Еңбекке жарамсыз болған қызметкерлер саны -0. Еңбекке жарамсыз болған қызметкерлер толығымен анықтамаларын кадр маманына өткізген.

Ақысыз демалысқа шыққан қызметкерлер саны-2. Қызметкерлердің жеке өтініші негізінде бұйрық шығарылған.

Еңбек демалысы, еңбекке жарамсыз болған және ақысыз демалысқа шыққан қызметкерлеркезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалмайды.

Тәртіптік шара алған қызметкерлер туралы:

Жыл басынан – 2 тәртіптік шара көрілген.

Тәртіптік шара көру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалмайды.

Жұмыстан босатылған қызметкерлер туралы:

Жыл басынан–1қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылған.Директордың бастамасымен ешқандай қызметкер жұмыстан босатылмаған. Қызметкерлер жеке өтініш негізінде өз еркімен жұмыстан босатылған себебі «Жылу »беру маусымының аяқталуына байланысты болады.

Жұмыстан босатылған қызметкерлер негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалмайды.

Қызметкерлерге қосымша міндеттеме жүктеу туралы.

Қәзіргі таңда кәсіпорында қызметкерге(пайыздық мөлшерлеме 25-%) қосымша жүктеме жүктелген бар. Себебі қызметкерлер еңбек демалысына шыққан кезде уақытша өз жұмысына қоса жүйелерді қарап бақылау бойынша жүктеледі.  Қызметкерлерге қосымша міндеттеме жүктеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалмайды.

Кәсіпорын директоры мен директор орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы, кәсіпорын ғимаратындағы сенім жәшігі:

Кәсіпорын директоры мен директор орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітіліп сол кестеге сәйкес қабылдау жүргізілуде.

Кәсіпорын ғимаратында азаматтардың арыз – шағымдарын қалдыруға арналған жәшік орнатылған. Бұйрыққа сәйкес апта сайын ашылып хаттамасы түзіліп отырады.

 

                         2 Мүдделер қақтығысын реттеу

 

Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің «Отырар-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындамүдделер қақтығысы орын алмаған. Жыл басынан түскен арыз шағымдар толығымен қаралып, арыз шағым иелеріне жауаптары ұсынылған. «Отырар-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны өзі-өзін қаржыландыратын кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын өндірген қаржы заңдылығына қарай игеріліп отыр.Мемлекеттік сатып алулар Қ.Р «Мемлекеттік сатып алу туралы »Заңнамасына сәйкес жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалмайды.

 

                         3 Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

 

Отырар аудан әкімдігінің «Отырар-Жылу» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын және жылу, кәріз саласындағы субъектілердің қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.   

 

                  4 Мемлекеттік қызметтер көрсету;

 

Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің «Отырар-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында өндірістік арыз-шағымдарды қабылдайтын е-өтініш электронды портал арқылы келіп түседі .

Жыл басынан өндірістік арыз-шағым түскен жоқ.

Жыл басынан 2 ұсыныс хат түсті. Өндірістік  арыз шағымдарға және сұрау салулар  уақытылы тіркеліп, сапалы  орындалып отырады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалмайды.

Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс бағыты;

 

Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»     ММ-нің «Отырар-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында жылу бойынша жалпы - 483жеке тұрғын үй тұтынушы тіркелген.

Орталық Шәуілдір ауылы бойынша - 261.

Әль-Фараби м/а Мыңшұқыр елді мекенінде - 222

Бюджеттік мекемелер саны – 20

Кәсіпкерлік нысандар заңды тұлғалар саны - 98 тұтынушы жылумен қамтамасыз етілген.

Кәріз жүйесі бойынша

Орталық Шәуілдір ауылы бойынша - 170.

Әл-Фараби м/а Мыңшұқыр елді мекенінде - 222 

Бюджеттік мекемелер саны – 22. 

Кәсіпкерлік нысандар заңды тұлғалар саны - 50 тұтынушы жылумен қамтамасыз етілген

Жұмыс жасау қағидаларын түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Еңбек кодекісінің 64-бабына сәйкес ескерту беріліп,түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалмайды.

  1. Тәртіптік шара көру туралы

 

Тәртіптік шара алған қызметкерлер туралы:

Жыл басынан – 2 қызметкерге тәртіптік шара көрілген.

 

Тәртіптік шара көру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалмады.

 

«Отырар-Жылу» МКК-ның директоры                                 Қ.Әуел

 

 

«Отырар-Жылу» МКК-ның бас инженері                                Н.Ысқақов

 

 

«Отырар-Жылу»МКК-ның бас есепшісі                                  Ә.Желкубакова

 

 

«Отырар-Жылу» МКК-ныңТБ инженері                                 Д Сабыров

 

 

«Отырар-Жылу» МКК-ның кассирі                                         Н Өмірзақ

 

 

Дата публикации
19 октября 2026